Bootstrap 11 mins ago
Hello, world! This is a toast message.

ОҚУ ОРДАМЫЗДА «АДАЛ АЗАМАТ-АДАЛ ЕҢБЕК-АДАЛ ТАБЫС» АТТЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

  • 13.09.2024
  • KZ
  • 108

image

Бүгін оқу ордамыздың студенттері үшін «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» атты адалдық сағаты өтті. 

Айтулы шара университетіміз  бен  «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Жиынның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту.

Адалдық сағатында заң  ғылымдарының магистрі, антикор еріктісі Нұржахан Абуова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы баяндама жасады. Ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соныңда студенттер сұрақтарына жауап алып, пікірлерін ортаға салды.