Bootstrap 11 mins ago
Hello, world! This is a toast message.

СТУДЕНТТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

  • 09.10.2024
  • KZ
  • 60

image

Университетіміздің білімді жастары «Стоматология» мамандығы бойынша ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпазы атанды.

Айтулы конкурста 2-орын иеленген Айтина Алихан мен 3-орын иегері Жанерке Ескараева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломымен марапатталды.

Студенттерді ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Наджи Генч Басқару Кеңесінің №2 отырысында арнайы марапаттады. 

Сондай-ақ, білімгерлеріміздің болашақта білікті маман болатынына сенім білдірді.

Білімділер бәйгесінде топ жарған студенттерді және ғылыми жетекшілері – Нұрсұлтан Нұрдинов пен Угилжан Татыкаеваны шын жүректен құттықтаймыз!