Bootstrap 11 mins ago
Hello, world! This is a toast message.

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕГІ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

  • 16.07.2025
  • KZ
  • 31

image
Университетімізде жыл сайын өтетін дәстүрлі «Ясауи Түркология Жазғы мектебі» аяқталды. Биыл жазғы мектепке Өзбекстандағы Ташкент экономика және педагогика университетінің студенттері мен оқытушылары келді. Бастама екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жүзеге асты.
Бағдарлама аясында Түркістанға арнайы келген 18 студент пен 4 оқытушы бір апта бойы университетіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, түркология, фольклор және мәдениетке қатысты арнайы дәрістер тыңдады.
Жазғы мектеп қатысушыларына университетіміз туралы қазақ, түрік және өзбек тілдерінде ақпарат беріліп, арнайы видео мен презентация көрсетілді.
Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фурқат Дадажанов, «Түркология» институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Халил Четин, лингвистикалық орталықтың директоры Мұстафа Неркиз қатысушыларға түрлі тақырыпта ақпарат беріп, оқу ордамызды таныстырды.
Бағдарламаның тарихи-мәдени бөлімінде қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Қылует мешітіне, Ахмет Ясауи музейіне, «Керуенсарай» кешеніне, Достық үйіне саяхат жасады. Достық үйінде қонақтарды директордың орынбасары Ерназар Баетов пен Өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы Райымжан Қошқаров қарсы алып, халықтардың мәдени бірлігі туралы айтып, қонақжайлық танытты.
Бағдарлама соңында қатысушыларға арнайы сертификат пен университетіміздің бренд өнімдері табысталды. Өзбекстандық делегация да университет ұжымына алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Жазғы мектеп барысында Эстония мен Әзірбайжаннан тәжірибе алмасуға келген студенттер де мәдени-танымдық шараларға белсене қатысып, халықаралық достастық аясын кеңейте түсті.
Жыл сайын өтетін «Ясауи Түркология Жазғы мектебі» – тек ғылыми білім ғана емес, мәдени байланыс пен достықты нығайтатын маңызды алаң ретінде қатысушылар жадында сақталады.