Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жұмыс сапары аясында университетімізге келіп, екі күн Қабылдау комиссиясын аралады.
Университетіміздің Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұрбол Байбахов қабылдау комиссиясының қызметімен таныстырды.
Кездесуде талапкерлерге кәсіби бағдар беру, тиімді байланыс орнату, біздің университетіміздің арнайы квотасы туралы сөз қозғалып, талапкерлермен коммуникация орнату, сенімді ақпарат беру жолдары талқыланды.