Bootstrap 11 mins ago
Hello, world! This is a toast message.

ТҮРКИЯ САПАРЫ: ТАРИХ, ТАНЫМ, ШАБЫТ

  • 24.07.2025
  • KZ
  • 89

image
Жуырда университетіміздің 40 үздік студенті «Ясауи Түркология» жазғы мектебі – 2025» аясында Түркиядағы тарихи қалалар мен мекемелерді аралап қайтты.
Екі аптада шәкірттеріміз Түркияның 10 қаласын аралап, шаһарлардың тарихи-мәдени орындарымен танысып, жазғы демалысын керемет өткізді.
 Ал, қазір назарларыңызға студенттеріміздің ғажап сапарының бегізгі бағыттарын таныстырамыз:
???? Ыстамбұл – Топқапы сарайы, Айя София мешіті, Сұлтанахмет мешіті, Галата мұнарасы, Босфор бұғазына кемедегі тур, Қыз мұнарасы, Долмабахше сарайы, Таксим орталығы, түрлі базарларға сапар;
???? Чанаккале – Шейіттер мемориалы;
???? Кония – Мевлана музейі, Тропикалық көбелек бағы;
???? Каппадокия (Невшехир) – танымал әуе шарларының ұшуын тамашалау, ертегіге ұқсас шатқалдар мен тас шіркеулерге саяхат;
???? Анкара – Аныткабір (Ататүрік кесенесі), Ұлттық кітапхана, Анкара қаласына тур;
???? Болу – Абант көлі;
???? Бурса – көне қаланың орталығы, тарихи көшелер
???? Муданья – Алтынқұм жағажайы
???? Биледжик – Ертуғрыл Ғазы мен Шейх Эдебали кесенелері;
???? Балыкесир – Айвалық, Джунда аралы, Сарымсақлы жағажайы.
 Студенттер университетіміздің Анкара қаласында орналасқан Өкілетті Кеңес басқармасында және Түркия Республикасының Діни білім беру жөніндегі Бас басқармасында болып, кездесулерге қатысты.
Ал, сапардың соңғы күнінде Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар Кеңесінің Төрағасы Бинали Йылдырым, Түркияның бұрынғы Ұлттық Білім Министрі Наби Авжы, университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиддин Шимшек бастаған бірқатар қоғам және мемлекет қайраткерлері ұйымдастырған кешкі асқа қатысты.
 Айта кетейік, YTB (Шетелдегі түріктер басқармасы) мен Түркия Дін Істері Қоры қолдау көрсеткен бұл жоба – таным мен тәжірибені ұштастырған үлкен мүмкіндік.