❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

СТУДЕНТІМІЗ ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

  • 08.09.2025
  • KZ
  • 82

image

Спортшы студентіміз Елнұр Төребек каратэден (WKF) екі дүркін Азия Чемпионы атанды. Спортшымыз Қытайдың Шаогуань қаласында өткен кадеттер, жасөспірімдер мен U21 жас санатындағы Азия чемпионатында ел мерейін асқақтатты. 

5-7 қыркүйек аралығында өткен әлемдік дода тартысқа толы болды. Спорт факультетінің 2-курс студенті Елнұр Төребек 60 кг салмақ дәрежесінде қарсыласын жеңіп, алтын медальге ие болды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық құрама мүшелері 17 медальді қанжығасына байлады.  Қазақстан спортшылары  4 алтын, 3 күміс және 10 қоланы ел қоржынына салды. Осылайша, еліміз жалпы командалық есеппен 4-орынға табан тіреді.

Екі дүркін Азия Чемпионы атанған спортшымыз Елнұрды шын жүректен құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тілейміз!