❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«CLUB FAIR — 2025» КЛУБТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

  • 23.09.2025
  • KZ
  • 203

image

Университетімізде жылдағы дәстүрге сай «Шаңырақ» клубтар координациясының ұйымдастыруымен «CLUB FAIR — 2025» клубтар көрмесі өтті.

Негізгі мақсат — студент жастардың уақыттарын тиімді өткізу, белсенділігін арттырып, бағыт-бағдар көрсету.

Ең алдымен, ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч, Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов клубтар көрмесін аралады. Әр клубтың бағыт-бағдары мен студенттерге берер пайдасы туралы ақпарат алды. Жас белсенділердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жиын шымылдығын түрген ректор Жанар Темірбекова: «Университетімізде түрлі бағытты қамтитын көптеген іс-шаралар өтеді. Ал, солардың қатарынан CLUB FAIR іс-шарасын ерекше жақсы көремін.

Әр азамат өзі өмір сүріп жатқан қоғамға пайдалы болуы тиіс. Бұл қасиетті Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ілімінен, Әл-Фарабидың еңбектерінен таба аламыз. Студенттер үшін сабақ оқу өте маңызды. Бірақ, ең мықты қоғамда өмір сүру, озық университетте оқу мен мықты мекемеде жұмыс істеу үшін – студенттік және күнделікті өмірде қоғамға қалай қызмет ететініңіз де маңызды. Сондықтан, оқу ордамыздың клубтары дами берсін. Сіздердің қатарларыңызда Қазақстан дамуына үлес қосатын азаматтар бар екеніне сенемін!»,-деді.

Ректор өкілі м.а Нажи Генч : «Жыл сайын өтетін клубтар көрмесінде оқу ордамызға қадам басқан 1-курс студенттерін көргеніме қуаныштымын! Біз үшін университет дамуы мен студенттердің белсенділігін арттыратын клубтардың маңызы зор. Осы жолда баршаңызды қолдауға дайынбыз. Клубтардың алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін!»,-деді.

Айта кетейік, ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч осы жылдан бастап, әр клубтың жақсы жұмыс істеп, жетістікке жетуі жолында қолдау білдіру мақсатында арнайы бюджет қарастырылатынын жеткізді. Университет басшыларының қаржылық қолдауы туралы сүйінші хабарын естіген клуб мүшелері қуанышқа бөленді.

Ашылу салтанаты одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Клубтар туларын көтеріп, өз мақсаттарын таныстырды.

Келесі кезекте, белсенді жастар көрермен қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлап, сахна төрінде өнер көрсетті. Әуезеді ән шырқап, би биледі.

Осылайша 2025-2026 оқу жылында «Шаңырақ» клубтар координациясында 21 клуб жұмысын бастады.