❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ПРОКУРОРЛАРЫ АРНАЙЫ КЕЛДІ

  • 24.09.2025
  • KZ
  • 156

image

Университетімізге Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің (Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан), сондай-ақ бақылаушы елдер Мажарстан мен Түркіменстан прокуратураларының өкілдері келді. Қонақтарды ректор Жанар Темірбекова мен Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу қарсы алды.

Айта кетейік, қонақтар қаламызда 24-25 қыркүйек күндері өтетін I Халықаралық форум аясында келді. Айтулы конгресс жұмысына Президент әкімшілігінің, Жоғары және Конституциялық Соттардың, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, заңгер ғалымдар мен аумақтық прокуратура қызметкерлері де қатысып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушылардың форумы - Бас прокуратура алаңында жыл сайын өтетін дәстүрлі іс-шара. Онда қылмыстық сот ісін жүргізудің маңызды мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар талқыланып, әзірленеді. 

Ең алдымен, ректор Жанар Темірбекова қонақтарға университет тыныс-тіршілігін таныстырып, білім беру ісі мен қайта құрылған Заң факультеті туралы ақпарат берді. Қонақтар Түркі халықтарының тарихы понорамалық мұражайы мен Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің 950 жылдығына арналған көрмені тамашалады.

Келесі кезекте, оқу ордамыздың бас ғимаратымен танысты. Әрі, ректор өкілі м.а Нажи Генчпен кездесіп, сүбелі сұхбат құрды. Басқосу соңында қонақтарға сый-сияпаттар табысталды.