❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P
team
Кoшенова Тоты Иманқызы
Ғылым кандидаты, Доцент
—
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
—
Бөлім
Қазақ филологиясы кафедрасы
Кеңсе номері
316

Өмірбаян

ӨМІРБАЯНМен, Кошенова Тоты Иманкызы, 1970 жылы 09 маусымда қазіргі Түркістан облысына қарасты, Келес ауданы, Абай елді мекенінде қызметкер отбасында дүниеге келдім. Ұлтым- қазақ,  Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім – жоғары.           1977 жылы қазіргі Шәмші Қалдаяқов атындағы орта мектепке 1-сыныпқа оқуға барып, 1987 жылы Амангелді атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірдім.1988-1993 жж. Халықтар достығы орденді Низами атындағы Ташкенттің Мемлекеттік    педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Қызыл дипломмен тәмамдадым. 1993-1996жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-інің күндізгі бөлім аспиранты, 1996-1997жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Түркі халықтары әдебиеті кафедрасының оқытушысы, 1997-2006жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Тіл үйрету орталығының оқытушысы, аға оқытушысы, орталықтың директор орынбасары, 2006-2024жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Қазақ әдебиеті кафедрасының, Қазақ әдебиеті және шығыс филологиясы кафедрасының, Қазақ филологиясы кафедрасының доцентімін. Қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, филология факультеті, қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к..Кандидаттық диссертацияны 1999 ж. «Абайдың өлең жүйесін дамыту дәстүрлерінің ХХ ғасырдың басында жалғасуы» - 10.02.02-шифрі бойынша ҚР ҰҒА, Әдебиет және өнер институтында қорғадым. Әдебиеттану мамандығы бойынша 2009ж. доцент ғылыми атағын алдым. 70-тен астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 3 монография және оқу құралы. Impact factor коэффициенті бар рейтингтік журналдарда – 2 мақала, алыс шет елдерде 10-дан астам мақаласы және Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын тізімі бойынша 15 мақала жарияладым. Абайтану, қазақ әдебиетінің тарихы ғылыми бағытым болып табылады. Жалпы еңбек өтілім – 37 жыл; ЖОО-дағы стажы - 28 жыл.Отбасылық жағдайым: екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған анамын. 

Оқу ақпараттары:

  • Халықтар достығы орденді Низами атындағы Ташкенттің Мемлекеттік педагогикалық институты
    Бакалавр
  • ҚР Ғылым министрлігі-ғылым Академиясы
    Ғылым кандидаты

Тағылымдама / Сертификат:

  • Зерттеу жұмыстарын жүргізудің методологиясы және мақала жазуды үйрен (2021 г.)
  • Қазақ ідебиеттану ғылымындағы ХІХ ғасыр (2020 г.)
  • Инклюзивті білім беру (2020 г.)
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет (2020 г.)
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет І (2020 г.)
  • Жоғары мектепте қазақ тіл білімі салаларын оқытудың теориялық-тәжірибелік мәселелері (2020 г.)
  • Әуезовтану (2020 г.)
  • Әдебиеттануға кіріспе (2020 г.)
  • Мемлекеттік тілде іс жүргізу (2020 г.)
  • Қазақ әдебиеттану ғылымына кіріспе (2020 г.)
  • Қазақ әдебиеті тарихын оқытудың теориялық-практикалық міселелері (2020 г.)
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)
  • мектеп жаңаруынғылыми-педагогикалық сүйемелдеу (2020 г.)
  • Абайтану (2019 г.)
  • Жаңартылған білім беру жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үдерісінде білім алушылардың креативті ойлау қабілеттерін дамыту (2019 г.)
  • Білім берудің заманауи тенденциялары мен парадигмалары. Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері: дәстүр мен жаңашылдық. (2018 г.)
  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ком.емес АҚ (2018 г.)
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті (0202 г.)