Өмірбаян
Өмірбаян Мен, Қошанова Нағима Данабековна, 12.08.1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Алғабас ауданы, Шаян ауылында мұғалім отбасында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1967 жылы Қ.Сыпатаев ауылында Қ.Сыпатаев мектебіне бастауышқа барып, 1975 жылы осы мектептің сегізжылдығын бітірдім. 1975-1979 жылдары Түркістан қаласында Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесінде оқыдым. 1979-1984 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып бітірдім. 1984-1985 жылдар арасында Алматы қаласында №1 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқардым.1985-1992 жылдар арасында Отырар ауданы Арыс елдімекенінде Т.Ибрагимов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет еттім.1992 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызмет атқарып келемін. 1995 ж «Қазіргі қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің синтаксистік қызметі» тақырыбында филология ғылымының кандидаттығын ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында қорғадым. 2006 ж тіл білімі мамандығы бойынша доценті ғылыми атағын алдым. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, тұрақты тіркестерінің сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Осы бағытта 70 шақты ғылыми мақалалары, екі монографиясы мен 4-5 оқу құралым барОтбасылық жағдайым: екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған анамын.Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, тұрақты тіркестерінің сөйлемдегі синтаксистік қызметі тақырыптары ғылыми бағытым болып табылады. Қошанова Нағима Данабековна
Оқу ақпараттары:
-
Түркістан қаласында Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесі
Колледж -
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің
Бакалавр -
ҚР ҰҒА
PhD (Докторантура)


