❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Даулетова Айнаш Серікқызы
Ғылым кандидаты, аға оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
№4 ғимарат
Бөлім
Қазақ филологиясы кафедрасы
Кеңсе номері

Өмірбаян

Даулетова Айнаш Серікқызы  1971 жылы сәуір айының 8 жұлдызында   бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы  Ордабасы ауданы Төрткүл елді мекенінде  дүниеге келдім.1978 жылы Төрткүл орта мектебіне барып, оны 1988 жылы бітірдім. 1988 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім. 1993 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша институтты тәмамдадым.1993 жылы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында  “Төрткүл ”орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,  1995 жылы Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы  Абай атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2001 жылы Шымкент қаласындағы  Қазақ-Түрік қыздар лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым.2002 -2006 жылдар аралығында Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде “Қазақ тілі” кафедрасында оқытушы болып қызмет атқардым.2007-2010 жылдары  Шымкент қаласындағы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің “Филология” кафедрасына аға оқытушы болып қабылдандым.2008 жылы аталған университеттің Ғылыми хатшы, 2008-2009 жылы “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасадым.2007 жылы Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында ф.ғ.д. профессор Т.Сайранбаевтың жетекшілігімен “Есімшелердің парадигмалық жүйесі” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.2011-2018 жылдары Арқалық қаласындағы "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ, орыстілдері мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы және Ғылыми кеңес хатшысы  қызметтерін  атқардым.2019 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті  Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы болып қабылдандым.

Баскару қызметтері

Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасы
Бөлім Қазақ филологиясы кафедрасы
Kısa Bilgi Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасы , Ғылым кандидаты, аға оқытушы

Оқу ақпараттары:

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Бакалавр
  • А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі инстиуты
    Ғылым кандидаты
Тағылымдама / Сертификат:
  • Тіл және әдебиетті оқытудың инновациялық әдістері мен технолногиялары (2023 г.)
  • Зерттеу жұмыстарын жүргізудің методологиясы және мақала жазуды үйрену (2021 г.)
  • Инклюзивті білім беру (2020 г.)
  • "Қазақ (түрік) тілі" пәні бойынша біліктілікті жетілдіру курсы (2020 г.)
  • Қашықтықтан білім берутехнологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)
  • Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (2015 г.)