❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P
team
Кенжебаева Айзада Умиралиевна
PhD., Доцент міндетін атқарушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
1-ғимарат
Бөлім
Менеджмент және туризм кафедрасы
Кеңсе номері

Өмірбаян

Кенжебаева Айзада Умиралиевна Менеджмент және туризм кафедрасы меңгерушісі қызметін атқарады. 1989 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2006-2010 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Туризм» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Білімін Түркия Республикасында жалғастырып, 2010-2012 жылдары Гази университетінде (Анкара) «Туризм менеджменті» саласы бойынша магистратураны, 2013-2018 жылдары осы университетте сол сала бойынша докторантураны бітірді. Түркия Республикасы Жоғары білім беру кеңесінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен Туризм менеджменті саласында философия докторы дәрежесі берілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2019 жылғы 13 қарашадағы №763 бұйрығымен Түркияда алынған ғылыми дәреженің баламалылығы танылып,  6D050700 - «Менеджмент» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. 2021 жылдың 19 сәуірінен 19 қазанына дейін Түркия Республикасының «Türkiye Bursları» (Түркия стипендиялары) бағдарламасы аясында Атылым университеті Әлеуметтік ғылымдар институтында постдокторлық зерттеу жүргізіп, «Түркия мен Қазақстанның термалдық туризм секторын салыстырмалы талдау» тақырыбындағы жұмысын сәтті аяқтады.Еңбек жолын университетте Ph.D аға оқытушы қызметінен бастаған. Оқу процесінде «Туризм саясаты және жоспарлау», «Туризмде брендинг теориясы және PR», «Туризмдегі өнімді әртараптандыру», «Туризмдегі кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәндерінен лекция оқиды. Ғылыми зерттеу алаңына денсаулық туризмін дамыту мәселелері кіреді. Айзада Умиралиевна отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда мақалалар жариялаған, сондай-ақ туристік қызмет көрсету сапасына арналған оқу құралының авторы.

Басқару қызметтері

  • Менеджмент және туризм кафедрасы
    Кафедра меңгерушісі
  • Экономика және басқару факультеті
    Факультет директорлар кеңесінің мүшесі

Оқу ақпараттары:

  • Гази университеті
    Магистратура
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі
    PhD (Докторантура)

Ғылыми метрикалар

ORCID
ORCID ID https://orcid.org/0000-0002-9312-1463

Тағылымдама / Сертификат:

  • Türkiye Bursları (Түркия стипендиясы) постдокторлық зерттеу бағдарламасы (2021 г.)