❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
оқытушы Есенгелдиева Айдана Болатбековна

Телефон:
Электрондық пошта:
aidana.yessengeldiyeva@ayu.edu.kz
№:

Мен, Есенгелдиева Айдана Болатбековна, 1989 жылдың 8 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келдім.

1996–2007 жылдар аралығында Түркістан қаласына қарасты Қызыл жол ауылындағы Қызыл жол орта мектебінде білім алдым. 2007 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетіне жалпы медицина мамандығына оқуға түсіп, 2014 жылы интернатураны аяқтадым. Сол жылы аталған университетке оқытушы болып жұмысқа қабылдандым.

2016 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институтына резидентураға педиатрия мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2018 жылы аяқтадым.

2019–2020 жылдар аралығында Түркістан қалалық балалар ауруханасында дәрігер қызметін атқардым. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде оқытушы болып қызмет атқарып келемін.

Орыс және түрік тілдерін (В1 деңгейі) меңгергенмін.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында тұрамын.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.