❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
оқытушы Магистр , Сапарова Галия Муратовна

Телефон:
Электрондық пошта:
galiya.saparova@ayu.edu.kz
№:

Мен, Сапарова Галія, жоғары білімді, 23 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстазбын. Еңбек жолымды жас маман ретінде ауыл мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастадым. Сол уақыттан бері өз ісіме адал болып, шәкірттерге сапалы білім мен тәрбие беруді басты мақсатым етіп келемін.

Осы жылдар ішінде білім беру саласында үлкен тәжірибе жинақтап, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеріп, сабақтарымды жаңа технологиялармен ұштастырып өткіземін. Әр сабағымда оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлемін.

Менің оқушыларым аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі пән олимпиадалары мен түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ұстаздық қызметтегі басты ұстанымым – "Білімді ұрпақ – ел болашағы" қағидасы.

Еңбегім еленіп, бірнеше мәрте аудандық және облыстық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталдым. Ұжым ішінде беделді, шәкірт алдында үлгі бола білетін ұстаз болу – менің өмірлік мақтанышым.

Жетістіктері:

  • "Сен ғылымға болсаң ынтық" республикаллық байқауға қатысып, II орын, №ІІ 04042022001
  • "Үздік ашық сабақ-2022" республикалық байқауға қатысып ІІІ орын, №04042022001                                 
  • «Алтын қыран-ерекше дарын иесі» республикалық зияткерлік байқауына шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат  
  • Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының Грамотасы №255, 2022
  • ''Білім шыңы' қоғамдық бірлестігі, Республикалық Білім шыңы Ғылым сыры журналы редакциясының 2022 жылы 5қыркүйек №010 шешімі бойынша Құрметті ұстаз төсбелгісі
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын Білім беру ұйымдарында кеңінен насихаттау аясында өткізілген байқауында ІІІ орын, №ІІІ004042022001, 2022 ж
  • «Алтын ұрпақ» - ерекше дарын иесі» Диплом, 2023
  • «Түркістан облысының Білім басқармасы» Алғыс хат,2024
  • «Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық Білім академиясы» 

 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.