Өмірбаян
техника ғылымдары кандидаты, доцент КАСЫМБЕКОВ АББАЗБЕК СҮГІРҰЛЫНЫҢӨМІРБАЯНЫ1956 жыл 12 қаңтар ҚР ОҚО, Қазығұрт ауданы, Айнатас ауылында туылған. 1963-1972 жылдары «Комсомол» орта мектебінде толық орта білім алған.1972-1978 жылдары А.Р.Беруни атындағы Ташкент Политехникалық Институтының «Инжеренлік физика» факултетін “Автоматтандырылған басқару жүйелері” мамандығы бойынша жоғары білімді «инженер-электрик (системотехник)» квалификациясын алған.1978-1998 жылдар аралағында (20 жыл) Ташкент қаласында орналасқан В.Д.Журин атындағы Орта Азиялық ирригация ғылыми-зерттеу институтының «Су ресурстары автоматтандырылған басқару жүйелері» бөлімінде – инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер лауазымдарында қызмет атқарған.1998-2000 жылдары «АРАЛ теңізі бассейіндегі су ресурстарын қорғау мәселелері» (GEF-бағдарламасы) бойынша инженер-сарапшы болып қызмет атқарған.2000-2002 жылдары Ташкент Архитектура-Құрылыс Институтының “ Информатика және ақпараттық технологиялар” кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарған.2002-2011 жылдары ОҚО, Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің “Информатика” кафедрасында аға оқытушы, “Информатика және сандық әдістер” кафедрасының доценті қызметтерін атқарған.2012-2013 жылдары Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг мемлекеттік университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» кафедрасының доценті қызметін атқарған.2013 жылдың қырқүйек айынан бастап Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Компьютерлік орталық» басшысы, «Инженерия» факультеті «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының доценті, ал бүгінгі күнде «Электр инженериясы» кафедрасының доценті болып қызмет атқаруда.1990 жылы “Су көтергіш насостармен жабдықталған үлкен суармалы каналдардың жұмыс тәртібін жетілдіру” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, ал 2008 жылыдың 8-сәуірінде – ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (№5 хаттама) «Ақпараттама, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша 2013-2015 жылдардағы «Университеттерді электрондық ғылыми-білімдік ақпараттармен қамтамасыздандыру корпоратив ақпаратық жүйесі» және 2015-2017 жылдарға арналған «ХІХ ғасыр Орталық Азия түркілерінің жазба дереккөздеріндегі мәдени мұрасының виртуалды кіапханасы» тақырыптары бойынша орындалған ғылыми жобалардың жетекшісі;100-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, солардың қатарында: Отбасылы. Бес перзенттің әкесі – үш ұл, екі қызы бар. Тұрғылықты мекен-жайы: ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тауке хан даңғылы, 198 үй. Байланыс тетіктері: үй тел.: (725 33) 42526, ұялы тел.: +7 771 1092876, +7 7087568672 Электрондық пошта: abbazbek.kasymbekov@ayu.edu.kz; abbazbek@mail.ru
Оқу ақпараттары:
-
Ташкентский политехнический институт им. Беруни
Бакалавр -
Среднеазиатском НИИ ирригации им. В.Д.Журина
Ғылым кандидаты -
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Доцент


