❝Education is light for the heart, light for the mind.❞
     Ahmet Yassawi
team
Mynbayev Bekarys Zeinalievich
Телефон
Building Name
Бас оқу ғимараты
Unit
Kentav Campus
Room Number
212

Biography

ӨМІРБАЯН            Мыңбаев Бекарыс Зейналиұлы 1964 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Қаракөл совхозы орта мектебінің 1 класына барып, 1981 жылы Шиелі ауданы, Сырдария совхозы, №152 Жөлек орта мектебін бітірген.      1981-82 жылдары Шиелі ауданы, Сырдария совхозында жұмысшы болып істеген.      1982-87 жылдары Алматы Қазақ ауылшаруашылығы институтының механикаландыру факультетін бітірген. Мамандығы инженер-механик.1987-88 жылдары Сырдария совхозының бригадир көмекшісі, автомеханик, совхоз комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.1988-92 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.1992-95 жылдары Шиелі ауданы әкімшілігі жастар ісі, спорт және туризм комитетінің бас маманы қызметін атқарған.1995-96 жылдары Шиелі ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.1996-2004 жылдары Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті компьютер бөлімінің операторы, инженер-электроншысы, жетекші инженері қызметтерін атқарған.1998-2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің экономика факультетін бітірген. Мамандығы экономист-менеджер.2004-2016 жылдары Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Ақпараттық технология орталығының басшысы қызметін атқарған.2016 жылдан бастап Кентау қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Кентау институтының Ақпараттық технология (ақпараттық ресурстық) бөлімінің басшысы қызметін атқарады.Жанұялы.Жұбайы: Дуйсенбаева Камила Асанқызы, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, филология факультетінің әдіскері қызметін атқарады.Ұлы: Зейналиев Бексұлтан Бекарысұлы, 7 сынып оқушысыҰлы: Зейналиев Айсұлтан Бекарысұлы, балабақшада.Университет ғимараттарын талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосудың техникалық шарттарын және жобасын жасаған, университет бойынша Wi-Fi желісін енгізген, Microsoft-тың Ақпараттық технологиялар академиясының оқуларын ұйымдастырған, университет бойынша басқарудың бірыңғай автоматтандыру жүйесін енгізген, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін - “Ситуациалық орталық”, стандартқа сай “Сервер бөлмесі” жасаған. Университет Басқару Кеңесінің мүшесі және Сенат мүшесі болып сайланған..Университеттің 20 жылдығы, 25 жылдығы құрметіне Ясауи медальі, 30 жылдығы төс белгілерімен марапатталған.Желтоқсан көтерілісіне 30 жылдығы, 35 жылдығы төс белгілері.   Microsoft компаниясының сертификаттары# MS 2276: Настройка сетевой инфраструктуры Micrsoft Windows Server 2003:сетевые узлы# MS 2277: Настройка, управление и сопровождение сетевой инфраструктуры Micrsoft Windows Server 2003:сетевые службы# MS 2278:  Планирование и поддержка сетевой инфраструктуры Micrsoft  Windows Server 2003# MS 2810: Основы сетевой безопасностиСибера компаниясының Ақпараттық технологиялар (Түркия Республикасы) “Firewall and basic network essentials” сертификаты

Administrative Duties

Директор м.а.
Department Kentav Campus

Education Information:

  • КазСХИ
    Master Degree
  • МКТУ
    Bachelor's Degree
Internship / Certificate:
  • CERTIFICATE OF COMPLETION PRESENT TO (2025 г.)