PhD доктор А.А.Куралбаевтың ғылыми бағыты аймақты басқаруда жергілікті мемлекеттік басқару үдерісі мен туризм саласындағы рухани-тарихи басқаруды дамытуда әлеуметтік-экономикалық және технологиялық тұрғыдан зерттеу болып табылады. Зерттеу аймақтағы туризм саласының дамуы үшін жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік басқару органдары және туристер арасында сауалнама өткізу, олардың пікірлерін тыңдау, эмпатиялық түсіну, ескеру және олардың қажеттіліктерімен талаптарын қанағаттандыру мақсатында «Ойлау дизайны» және «Жобалық менеджмент» стандарттарын қолдана отырып, математикалық-статистикалық және эмпирикалық әдістерді қолдану қарастырады. Аталған әдістер арқылы аймақтағы туристік рекреациялық орындардың қаншалықты қажет екендігі, туристерге қызмет көрсету орындарын жетілдіру және туристерді қабылдау мүмкіншілігін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістері арқылы аймақтағы туристік орындардың қызмет көрсету асортиментін арттыру немесе қызмет көрсету сапасын жақсарту, көтеру жолдарын іздейді. А.А.Куралбаев 1996-2001 жылдары «Агроөнеркәсіп кешендер экономикасы және менеджменті» мамандығы бойынша жоғары білім алса, ал 2009-2011 жылдары «Экономика» мамандығы бойынша Магистратурада оқыды және екеуін де үздік (қызыл) дипломмен бітірді. Білім мен ғылым саласындағы еңбек жолын университетімізде 2002 жылдың қаңтар айында Бағдарламашы қызметімен бастап, «Халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы 2003-2004жж., Экономика факультетінің оқу ісі жөніндегі орынбасары 2004-2006жж. және 2011-2012жж., Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасының оқытушысы 2004-2008жж., «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары 2009-2011жж., Менеджмент және туризм кафедрасының оқытушысы 2012-2018жж., Менеджмент мамандығы бойынша докторанты 2014-2017жж., «Мемлекеттік басқару және экономика» жоғарғы мектебінің атқарушы директоры 2018-2019жж., «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиал доценті, профессоры 2019-2023жж., Жаратылыстану ғылымдарының корреспондент мүшесі 2019ж., Менеджмент және туризм кафедрасының меңгерушісі 2021-2022 жж. қызметтерін абыроймен атқарды. Бүнгінгі таңдағы қызметі, Менеджмент және туризм кафедрасының меңгерушісі. А.А.Куралбаев Менеджмент мамандығы бойынша докторантураны 2014-2018 жылдары аралығында Ахмет Ясауи университетінде Түркістан қаласында оқыды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2018 жылдың 19 наурыздағы №490 бұйрығымен, 6D050700-Менеджмент мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Академиялық ұтқырлық (Орхон) бағдарламасы бойынша 2021 жылдың қазан айында Түркияның Ниде университетінің, 2024 жылдың қазан айында Түркияның Анталия университетінің студенттері мен магистранттарына екі аптадан жалпы алты дәріс беріп, лекция оқып қайтты. Сонымен қатар, А.А.Куралбаев шетелдік ғалымдармен тығыз байланыс орнатып, бірнеше біркелкен ғылыми жұмыстар атқаруда. Олар: Түркиядағы Анталия университетінің профессоры Нидем Юзбашыоглу; Кайсері университетінің доценті Бурхан Севим және т.б. ғалымдармен тығыз ғылыми байланыстар орнатқан. Мақалалар тізімі:Ауылдық туризм менеджменті және ауыл территорияларының тұрақты дамуы мәселелері. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «ЖАРШЫСЫ» ғылыми журналы, 2024 ‒ №2 (55) https://doi.org/10.52260/2304-7216.2024.2(55).5The structure of money movement reporting and the basis of its analysis in the company. Bulletin of National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, ISSN 1991-3494 Volume 1. Number 407 (2024), 636-649 https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.697Aймaқтың ауылшaруaшылығын дaмытудaғы инвестициялық қызметті бaсқaру (Қызылoрдa облысы мысaлындa). Bulletin of National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, ISSN 1991-3494, Volume 3. Number 409 (2024), 373-387 https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.774Assessment of the impact of human potential on economic development. Bulletin of National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, ISSN 1991-3494, Volume 4. Number 410 (2024), 345-356 https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.810Рост инфляции в казахстане и актуальные пути его снижения. Bulletin of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, ISSN 1991-3494, Volume 6. Number 412 (2024), 370-384. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.875 Analysis of the Relationship between Oil Prices and Current Accounts in Oil Importing Countries. International Journal of Energy Economics and Policy, 2025, 15(3), 30-36. DOI: 10.32479/ijeep.17409 https://doi.org/10.32479/ijeep.17409 Sustainable Development Strategies for Rural Tourism in the Republic of Kazakhstan. International Journal of Sustainable Development and Planning Vol. 20, No. 5, May, 2025, pp. 1951-1962. DOI: 10.18280/ijsdp.200513. https://doi.org/10.18280/ijsdp.200513 Оқу үдерісінде беретін пәндер тізімі:Академиялық хатЖобалық менеджмент, мемлекет және бизнесСтратегиялық адам ресурстарын басқаруТуризмде автоматтандыру технологияларыТуризмде кәсіпкерлік негіздері
Administrative Duties
Факультет кеңесінің мүшесі
Department
Department of Management and Tourism
Kısa Bilgi
Факультет кеңесінің мүшесі , PhD., Senior Lecturer
Department Chair
Department
Department of Management and Tourism
Kısa Bilgi
Department Chair, PhD., Senior Lecturer
Education Information:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Master Degree
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Bachelor's Degree
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Doctorate
Scientific Metrics
ORCID
ORCID ID0000-0002-6564-9711
Internship / Certificate:
Artificial Intelligence in Education: F Practical Course for Educators (2025 г.)
Certificate (2024 г.)
Certificate (2024 г.)
Academıc mobılıty program (2024 г.)
Certificate (2024 г.)
Certificate (2024 г.)
С5+O.N.E. (Openig Networks Through English) program (2023 г.)