❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

  • 16.03.2026
  • KZ
  • 1500

image

Оқу ордамыздың Физика кафедрасының «AYU STEM Innovators» студенттік командасы «Pi-Synergy 2026 – International Engineering Mindsets Competition» атты Халықаралық Пи саны күніне арналған инженерлік ойлау зияткерлік байқауында жүлделі III орынға ие болды.

 

Аталған байқауға Орталық Азия елдерінен келген 14 жоғары оқу орнынан 29 студенттік команда қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша университет командасы арнайы сертификаттар және дипломдармен марапатталды.

 

«AYU STEM Innovators» командасы университеттіміздің Физика кафедрасында білім алып жатқан 1-курс студенттерінен құралған. Команда мүшелері - Бекарыс Төлеутаев, Нұрасыл Жармахан, Мақсат Сайдазим.

Команда жетекшісі - Шерзод Раманкулов.

 

Айта кетейік, команда мүшелері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын ғылыми гранттық жобалардың жас орындаушылары.

 

Халықаралық байқауда университет студенттері «Smart Engineering: жасанды интеллект пен STEM арқылы өндірістік технологияларды дамыту» тақырыбында ғылыми жобаларын ұсынды. Олар инженерлік ойлау қабілетін, инновациялық шешімдер ұсыну дағдыларын және командалық жұмыс мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті.

 

Бұл жетістік университетімізде жүзеге асырылып жатқан STEM бағытындағы білім беру мен ғылыми жобалардың нәтижелілігін, сондай-ақ студенттердің зерттеушілік және инженерлік құзыреттерінің жүйелі түрде қалыптасып келе жатқанын айқын аңғартады.

 

Университет абыройын асқақтатып, жеңімпаз атанған барлық студенттерімізді құттықтай отырып, сәттілік пен табыс тілейміз!