❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ БАНК БІРЛЕСТІКТЕРІ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

  • 24.04.2026
  • KZ
  • 796

image

Университетімізде Түркі мемлекеттері Банк бірлестіктері кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға қабылдаушы Банк бірлестігі төрағасы Марат Байтоқов, Түркі мемлекеттері Банк бірлестіктері кеңесінің төрағасы Алпаслан Чакар,  сондай-ақ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Кипр елдерінің өкілдері де қатысты.  

Басқосуға ректор Жанар Темірбекова да қатысып, кеңес отырысына сәттілік тіледі. Оқу ордамызда жиналған құрметті қонақтарды көргеніне қуанышты екенін жеткізді.

Жиында түркі мемлекеттерінің өкілдері Закир Нуриев, Бахтияр Хамидов, Анвар Абраев, Исмаил Вурал және Олгун Өнал құттықтау сөз сөйлеп, өзара ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Кездесу барысында жаңа Бас хатшының қызметке кірісуі, Ыстанбұлда мүше ұйымдарға арналған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, мүше елдердің банктеріне вебинарлар өткізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, банктік деректер негізінде инфографикалық және коммуникациялық жұмыстарды дамыту туралы да сөз қозғалды. 

Сондай-ақ, Орталық Азия елдеріндегі исламдық банк ісі нарығын бағалау, ортақ ынтымақтастық бағыттарын айқындау, Солтүстік Кипр Банктер бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және Түркияда халықаралық қаржы және банк ісі саммитін өткізу мәселелері көтерілді.