Бүгін университетімізде табиғат аясында кітап талқылау кешінің қорытынды шарасы ұйымдастырылды. Әдеби кешті кітапхана әкімшілігі мен Руханият клубы бірлесе өткізді.
Шараның негізгі мақсаты – жыл бойы талданған көркем шығармаларды қорытындылау. Сондай-ақ, кітап талқылау барысында белсенділік танытқан бітіруші курс студенттерін марапаттау.
Негізінен кітап талқы студенттердің көркем әдебиет арқылы рухани-танымдық көкжиегін кеңейтуіне, сыни ойлау қабілетін дамытуына және әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыруына бағытталған.
Университет қабырғасында өткен кітап талқы студенттер үшін рухани өсу мен интеллектуалдық дамудың маңызды алаңына айналды.
2025–2026 оқу жылы барысында жалпы саны 30-ға жуық көркем шығарма талданып, жан-жақты талқыланды. Солардың алғашқысы - «Ине ұшындағы өмір» шығармасы.
Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы ұлттық болмыс, әйел тағдыры және тарихи кезең мәселелері жан-жақты зерделенді. Бұл студенттердің тарихи-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына ықпал етті.
Әдеби шығармаларды талдау барысында студенттердің тек академиялық тұрғыда ғана емес, эмоционалдық деңгейде де әсер алғаны байқалды.
Кітапхана әкімшілігі 1-курстан бастап Руханият клубына мүше болып, кітап талқылауға тұрақты қатысып жүрген бітіруші курс студенттерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Кеш соңында клуб мүшелері аға буын студенттерге кітап оқуға деген ынталарын арттырғаны үшін алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, алдағы оқу жылында кітапхана әкімшілігі мен Руханият клубы бірлесе отырып, әдеби талқылауларды жалғастырып, аясын кеңейтуді жоспарлап отыр