«БОЛАШАҒЫМЫЗ БІРЛІКТЕ» АТТЫ ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ
Оқу ордамызда «Ясауи дебат» клубының ұйымдастыруымен «Болашағымыз бірлікте» атты ІХ республикалық дебат турнирі өтті.
Екі күнге созылған турнирге еліміздің түрлі аймақтарынан 50-ге жуық фракция қатысты.
Турнирге қатысушылар бірнеше іріктеу кезеңі мен плей-офф кезеңдерінен өтіп, финалда өзара бақ сынасты.
Турнир нәтижесінде жеңіске жеткен командалар:
АЛТАЙ лигасы бойынша
I орын-Османдар фракциясы
II орын-Татарлар фракциясы
III орын- Алшындар фракциясы
III орын-Наймандар фракциясы
ТҰРАН лигасы:
I орын-Қыпшақтар фракциясы
II орын-Ашина фракциясы
III орын-Селжұқтар фракциясы
III орын-Қарлұқтар фракциясы
Жүзден жүйрік атанған жеңімпаз пікірсайысшыларды оқу ордамыздың Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов арнайы марапаттап, сый-сияпаттар табыстады.
Сондай-ақ, өзге де қатысушылар «Үздік төреші», «Үздік делегация», «Ең үздік спикер» сынды т.б номинацияларға ие болды.
Студенттердің айтулы жетістіктері құтты болсын!