❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ҰЛТТЫҚ БИ ӨНЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КӨРМЕ ӨТТІ

  • 12.05.2026
  • KZ
  • 673

image

Оқу ордамызда Өнер, медиа және дизайн факультеті, Орындаушылық өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Шара Жиенқұлованың шығармашылығы мен өнері» атты көрме өтті.

Жиынның мақсаты – КСРО халық әртісі, күллі қазақтың өнер көкжиегіндегі жарық жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі, қазақ би өнерінің падишасы  Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық би өнеріне деген қызығушылықты арттыру және жас ұрпаққа қазақ мәдениетінің құндылықтарын насихаттау.

Көрме аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстан Республикасының мәдениет үздігі, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, Өнер магистрі, PhD докторы, MBA магистрі Арман Нұрмахаматұлы мен ҚР құрмет орденінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі, хореограф Серік Сариев студенттерге арнайы шеберлік сабағын өтті.  

Кездесу барысында студенттерімізге Шара Жиенқұлованың өнер жолы мен қазақ би өнерінің дамуына қосқан үлесі жайында кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар, көрмеде Серік Сариевтің ұсынысымен Астана, Ақтау және Атырау қалалары дизайнерлерінің Шара Жиенқұлованың сахналық образдары негізінде дайындаған арнайы киім үлгілері көрсетілді.

Жиын соңында университетіміздің Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов танымдық кездесудің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, қонақтарға арнайы алғыс білдірді.  

Сондай-ақ, қадірлі қонақтарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыстады.