❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

РЕКТОР ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНА ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

  • 15.04.2026
  • KZ
  • 835

image
Бүгін университет ректоры Жанар Темірбекова оқу ордамыздағы ғылыми зертханалардың жұмысымен танысты.
Атап айтқанда, Физика-механикалық және коррозиялық сынау, Нанотехнологиялар және баламалы энергия үшін жаңа материалдар, Эксперименттік жұмыстар, «STEM» білім беру аясындағы физикалық эксперименттер, сондай-ақ Металлографиялық рентгендік талдау сынды зертханаларды аралады.
Кездесу барысында PhD, қауымдастырылған профессор Шерзод Раманкулов бастаған зертхана қызметкерлері мен студенттер университет базасында жүзеге асырылып жатқан STEM жобаларын және өндірістік бағыттағы құрылғылардың жұмысын таныстырды.
Жуырда зертханалар бірнеше құрылғымен толықты. Бұл құралдарды өндірістік тәжірибеде университетіміздің студенттері, жас зерттеушілер мен ғалымдары қолдануда. Әрі физикалық құрал-жабдықтарды жасап шығару бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Айта кетерлігі, таяуда зертханалар орнының қолданыстағы аймағы кеңейеді, қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сапар соңында ректор ғылыми зерттеу институты ұжымының еңбегіне жоғары баға беріп, алдағы жобаларына табыс тіледі.