Білім беру бағдарламасы
4+
Білімгер
357+
Жұмыспен қамтылған
80%
ОПҚ
31+

Біз туралы

Биология  кафедрасы терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі. Биология мамандығын бiтiрген түлектер жалпы орта білім беретін оқу-тәрбиелік ұжымдар мен ұйымдарда, кәсіби-техникалық білім беретін орындарда, орта арнайы білім беретін мектептен тыс мекемелерде және қосымша білім мен тәрбие беретін ұйымдарда биология немесе экология (таңдау компоненті бойынша таңдаған мамандану пәніне орай мұғалімі, лаборант, инженер кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік жұмыскері, оқу ісі жөнінде орынбасар, директорға үйірме жетекшісі қызметтерін атқаруда). Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген.

Биология кафедрасында «Ғажайып табиғат»  клубы  жұмыс істеп келеді. Бөлме гүлдерінің, аквариуим балықтарының түрлерін көбейту, университетті гүлдермен безендендіру жұмыстарына атсалысу және  студент жастарды ғажайып табиғатпен жақындастыру. Сонымен қатар «Биология» кафедрасының білімгерлері «Ботаникалық бақ» оқу-өндірістік кешенінде өсімдік түрлерінің систематикалық талдау жұмыстарын жүргізсе, бақта орналасқан жылыжайда сәндік ағаштарды қалемшеден өсіру мен тұқымнан өндіру жұмыстарын жасап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде кафедрада 603 білімгер 5 білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда.

Биология кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Биология кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B05146 — Биология (Жаратылыстану ғылымдары)

Биология (Жаратылыстану ғылымдары)

Биология салалары бойынша теориялық білім меңгерген, оларды кәсіби қызметінде қолдана білетін, сыни тұрғыда ойлайтын, коммуникативтік, жобалық дағдыларын зерттеушілік қызметте тиімді іске асыра алатын бәсекеге қабілетті жаратылыстану бакалаврын даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.
 

Бағдарлама нәтижелері
  •  Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп,  педагогикалық процестерді ұйымдастырады .
  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  •  Белгіленген мақсатына сәйкес, тиісті оқыту әдістері мен тәсілдерін, құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, сабақ жоспарларын жасайды. 
     
Қабылдау шарттары
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (6В01514 –География ) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
Кәсіби қызмет саласы
  • География білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін мектептерде, коллеждерде, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде, жер ресурстары мен табиғаты қорғау ұйымдарында, туризм, экология орталықтарында ғылыми қызметкер ретінде  жұмыс жасай алады.
  • жалпы  білім  беретін  мектептер,  техникалық  жəне кəсіптік білім беретін оқу орындары; 
    білім басқармалары (департаменттері).
Оқу бағдарламасы
Элективті пәндер каталогы

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз